Қазақстан астығын Ресей арқылы тасымалдауға шектеу алынып тасталды ма
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/cover-site-3123-3-1024x576.png)
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың ресейлік «Россельхознадзор» Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелуге қатысты бүкіл шектеуді алып тастады дегеніне қарамастан, ведомство бұл тыйымның әлі де күшінде екенін мойындады. 13 ақпан күні «Россельхознадзор» министрдің мәлімдемесін жоққа шығарған болатын.
Қазіргі кезде Ресейге бидай, жасымық және майлы дақылдарды импорттауға уақытша шектеу қойылған.
«Қазіргі уақытта Ресейге бидай, жасымық және майлы дақылдарды импорттауға уақытша шектеу қойылған. Алайда, бұл өнім түрлері бойынша Ресей өз қажеттіліктерін толық қамтамасыз еткендіктен, ресейлік нарық қазақстандық өндірушілер үшін мақсатты нарық емес», – делінген хабарламада.
«Россельхознадзор» не дейді
Бұған дейін министр Айдарбек Сапаров Ресей арқылы астық транзитіне салынған тыйым қараша айында толық жойылғанын мәлімдеген.
Ресейлік «Россельхознадзордың» айтуынша, 2024 жылдың 17 қазанында Қазақстаннан Ресейге бидай, жасымық және майлы зығыр әкелуге енгізілген уақытша шектеулер транзитке қатысты емес.
Алайда, ол үшін қазақстандық тарап фитосанитарлық сертификаттарды бірден тауар жеткізілетін елге рәсімдеуі және астықты теміржол вагондарынан тікелей кеменің трюмдеріне ауыстыруы қажет.
«Россельхознадзор» тауар транзиті «тек белгілі бір порттар арқылы» өтетінін жеткізген. Бұл порттардың инфрақұрылымы қауіпті вирустар мен бактериялардың Ресей аумағында таралуына жол бермейді.