«Теңізшевройл» ішкі нарыққа жыл сайын 240 мың тонна сұйытылған газ жеткізеді
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/tengizshevrojl-1024x576.png)
«Теңізшевройл» компаниясы ішкі нарыққа жыл сайын 240 мың тонна сұйытылған газ жеткізеді. Энергетика министрлігі мен «Теңізшевройл» өзара келісім мерзімін ұзартты.
Бұл келісім ішкі нарықтағы газ тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.
«Бұл келісімнің жасалуы – республиканың сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Қазақстан Республикасындағы сұйытылған мұнай газын өндірушілердің бірі ретінде серіктесіміз ТШО-дан жеткізілетін кепілдендірілген газ ішкі нарықтағы тапшылықты азайтуға және осы өнімді тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді»,– деді Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.
«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон ТШО-ның ішкі нарыққа тауарлық газ негізгі жеткізушілерінің бірі болып қала беретінін атап өткен.
«Теңізшевройл» ЖШС Қазақстанда ірі мұнай кен орны – Теңізді игеріп жатыр. Компанияның негізі акционерлері: Chevron (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз» компаниясы (20%) мен Лукойл (5%).
Жыл басында «Теңізшевройл» келешек кеңею жобасы аясындағы мұнай өндірісіне кірісті. Енді Теңіз кен орынана жыл сайын 12 млн тонна мұнай өндірілмек.