![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/tenge-bankomat-1024x576.png)
2024 жылы халық күн сайын орта есеппен 35,1 млн қолма-қол ақшасыз операция жасап, олардың жалпы сомасы 453,6 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлайды.
Былтыр халық жасаған транзакция көлемінде қолма-қол ақша үлесі 13%-ды құраған. Қалғаны – қолма-қол ақшасыз жасаған операциялар.
«2024 жылдың қорытындысы бойынша, қолма-қол ақшасыз операциялар»санының өсуі 13,4% (жалпы саны – 12,8 млрд операция), көлемі – 17% (жалпы көлемі – 166,1 трлн теңге) құрады», – делінген ҰБ хабарламасында.
Ұлттық банк мәліметінше, бүкіл операция көлемінің 87%-ы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға тиесілі. Олардың басым бөлігі банктердің онлайн-сервистері арқылы жүргізілген.
Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары ел экономикасында қолма-қол ақша үлесі артып жатқанын мәлімдеген.
Сарапшыларының пайымдауынша, қолма-қол ақша үлесінің артуына инфляцияның күшеюі, мобильді аударымдарды бақылауды қатаңдату мен көлеңкелі экономиканың үлесінің артуы себеп болған.