Астанада жүк пойызының контейнері жарылды
Жарияланды
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/1-27.jpg)
Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс болды. Оқиға 14 ақпан күні сағат 00:30-да болған. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, контейнердің ішінде электр жабдықтары – трансформаторлар мен генераторлар болған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Контейнер жекеменшік компанияға тиесілі екені анықталды.
«Қазіргі уақытта уәкілетті органдар оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Жарылыстың неден болғаны, жүктің қандай қауіпсіздік талаптарына сай тасымалданғаны және төтенше жағдайдың алдын алу шаралары тексеріліп жатыр», –делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында жүк пойызы темір жолдан шығып кетіп, бірнеше вагон аударылған еді.