![Ауа райы бүгін](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2024/11/6_1-2.jpg-1024x576.webp)
Қазақстанда 14-16 ақпан аралығында ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» болжамында жазылған.
Солтүстік және орталық өңірлерде (Астана, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды) күн аязды, бұлтты болып, кей жерлерде қар жауады. Күндіз температура -6°C болса, түнде -10°C-қа дейін төмендейді.
Оңтүстік өңірлерде (Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда) ауа райы жылынып, күндіз +3…+8°C, бірақ кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын жаууы мүмкін.
Батыс өңірлерде (Ақтөбе, Атырау, Орал, Ақтау) желді, кей жерлерде қар, жауын жауады. Температура +1…+5°C аралығында.
Шығыста (Өскемен, Семей) аяз болып, қар жауады деп болжанып отыр. Ауа температурасы -5°C
Айта кетейік, 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана-Қарағанды тас жолында 200 көлік жолда қалған еді.