Дастан Сәтпаев “Челси” футбол клубында жарты миллиард теңге табады

Жарияланды 14 Ақпан 2025 17:05

(жаңартылды 16 Ақпан 2025 13:44)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Дастан Сәтпаев Челси клубында қанша айлық алады? / коллаж: kursiv.media

16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубымен келісімшартқа отырып, 524 миллион теңге табыс табуы мүмкін. Бұл туралы Sports басылымы хабарлады.

«Челсимен» 5 жылдық келісімшарт

Өткен аптада «Қайрат» футбол клубының түлегі Дастан Сәтпаевтың «Челси» клубымен ресми келісімшартқа отырғаны жарияланған еді.

Бұл келісімге сәйкес, Дастан алғашқы екі жылын Алматыда өткізіп, ағылшын мамандардың бақылауында жаттығады. 18 жасқа толғанда, Англияға көшіп, толыққанды «Челси» ойыншысы атанады.

Жалақысы қанша болады?

Ресейлік медиа ақпаратына сүйенсек, Дастан Сәтпаевтың ай сайынғы жалақысы 14 000 фунт стерлингті (шамамен 8,7 миллион теңге) құрайды. Осылайша, жас футболшының жылдық табысы 168 000 фунт стерлингке (104 млн теңге), ал 5 жылда 840 000 фунт стерлингке (524 млн теңге) жетеді.

Сондай-ақ оқыңыз