Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды

Жарияланды 14 Ақпан 2025 12:58

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды / фото: olympic.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасы Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанып, алтын медаль алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Азия ойындарының финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Жапониямен кездесіп, 5-0 есебімен жеңіске жетті. Шайбаларды соққан хоккейшілер: Буяльский, Бреус, Старченко және Панюков екі шайбаны қарсылас қақпасына дәл бағыттады. Бұл Қазақстан үшін төртінші алтын медаль. Бұған дейін, алтын жүлдені шорт-трекшілер мен фристайлшылар құрамалары, және жекелей сында биатлоншы Владислав Киреев алды.

Сондай-ақ, хоккейден әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп, күміс медаль алған еді.

Ал Харбин-2025 Азия ойындарының жабылу салтанаты бүгін 14 ақпан күні сағат 17:00 де болады. Жабылу салтанатын Qazsport арнасы көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз