![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/aleksej-borodavkin-1024x576.png)
Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанға деген сүйіспеншілігін білдірді. Ол елдің басшылығына, халқына және даму бағытына үлкен құрметпен қарайтынын айтты.
«Қазақстан – біздің ең жақын одақтасымыз»
Елші МТРК МИР арнасына берген сұхбатында Қазақстанда қызмет ету – өзі үшін үлкен абырой мен жауапкершілік екенін атап өтті.
«Мен Қазақстанға, оның халқына және басшылығына шынайы құрметпен және ілтипатпен қараймын. Қазақстандағы Ресей елшісі болу – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Себебі, Президент Владимир Путин айтқандай, Қазақстан – біздің ең жақын одақтасымыз, одан жақыны жоқ. Бұл менің жұмысымның маңыздылығын одан әрі арттыра түседі,» – деді Бородавкин.
Ресей елшісі Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің барысында елді жақыннан тани түскенін және өзін осы елде «өз адамы» ретінде сезінетінін айтты.
«Қазақстанда жұмыс істеген уақытымда осы елдің бір бөлшегіне айналдым. Сондықтан елдің жаңаруы мен әділетті Қазақстанды құру жолындағы жетістіктерін көріп, мақтаныш сезінемін,» – деді дипломат.
«Көршілермен достық қарым-қатынас – маңызды»
Сұхбат барысында елші ТМД елдерімен қарым-қатынастың маңыздылығына да тоқталды. Ресейдің елшісі Қазақстанға деген сүйіспеншілігін білдірді.
«Көршілер – кейде туыстан да жақын болады. Сондықтан достық қатынасты сақтап қалу өте маңызды. Қазіргі көпполярлы әлемде, халықаралық жағдай ушығып тұрған шақта, біз жаңа қауіп-қатерлерге төтеп беру үшін бірге болуымыз керек. Жалғыз әрекет ету қиын,» – деп түйіндеді Ресей елшісі.