Алматы метросында пойыздар жиі жүре бастайды
Жарияланды
![Алматы метросында](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/metro-almaty.png)
Енді Алматы метросында пойыздар жиі қатынай бастайды. Бұл турал Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы метрополитенінде қарбалас уақытта пойыз қозғалысының уақыт жиілігі қысқартылады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Метрополитен жолаушылар ағынының артуына байланысты желіге қосымша екі поызды қосқан. Нәтижесінде таңғы және кешкі қарбалас уақыттарда пойыздардың қатынау уақыты 3 минут 6 секундқа дейін қысқарады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір желіге 13 құрам шығарылған. Бұл жолаушылардың пойызды күту уақытын қысқартып қана қоймай, таңғы және кешкі уақыттарда адам жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.