Жаңалықтар

TikTok америкалық Apple және Google онлайн дүкендеріне қайта оралды

TikTok қосымшасы
TikTok қосымшасы америкалық Apple және Google онлайн дүкендеріне оралды / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

TikTok қосымшасы америкалық Apple және Google онлайн дүкендеріне қайта оралды. Бұл туралы Reuters басылымы хабарлады.

«TikTok АҚШ-тың Apple және Google онлайн-дүкендеріне оралды. Бұған президент Дональд Трамптың қытайлық әлеуметтік медиа қолданбасына тыйымды кейінге шегергені себеп болды», – деп хабарлады басылым.

Қосымшаға экс-президент Джо Байден тыйым салынған соң, Google мен Apple АҚШ-тағы олнайн дүкендерінен қосымшаны алып тастаған болатын. Ал бейсенбі күні TikTok қосымшаны аталмыш дүкендерден жүктеу тетігі қайта іске қосылғанын хабарлады.

Трамп қабылдаған заңда мобильді қолданбаны жүктеуге мүмкіндік беретін платформалардың иелері жауапқа тартылмайтыны жазылған. Компаниялар осы норманы зерделеп барып, қосымшаны платформаға қайтару туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, 19 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің бұйрығымен TikTok платформасы бұғатталған болатын. Ал 20 қаңтарда Дональд Трамп қосымшаны бұғаттау мерзімін кейінге қалдыратынын мәлімдеген соң, платформа қайта іске қосылды.