2032 жылы Жерге астероид соғысуы мүмкін

Жарияланды
Бұл Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 500 есе күштірек./фото: KursivMedia мұрағаты

2032 жылы Жерге «2024 YR4» деп аталатын астероид соғысуы мүмкіндігі екі есе артқан. Жерге астероидтің жақындауы қазақстандықтарды да алаңдата бастады.

Оның көлемі қандай?

Ғалымдар бастапқыда оның соқтығысу ықтималдығы 1% деп бағаланса, кейінгі бақылаулар бұл көрсеткішті 2,3%-ға дейін арттырып отыр.

The Gardian ақпаратына қарағанда, бұл астероидтың диаметрі – шамамен 40-90 метр. Алғаш рет 2024 жылдың 27 желтоқсанында Чилидегі Эль-Соус обсерваториясында анықталған.

Астероид жерге соғылса не болады?

«2024 YR4» астероидының диаметрі 40-90 метр аралығында деп бағаланады. Жерге соғылса, шамамен 8 мегатонна тротилге тең энергия бөлінбек. Бұл Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 500 есе күштірек. Мұндай соққы тұтас бір ірі қаланы жойып жіберуі ғажап емес.

Зерттеулер нені көрсетіп отыр?

Қазір бұл астероид Жерден алыстап барады. Алайда 2028 жылға қарай қайта жақындамақ. Ғалымдар оның траекториясын мұқият бақылап, ықтимал қауіп-қатерлерді бағалайды. NASA және Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) «Джеймс Уэбб» телескопының көмегімен астероидтың нақты өлшемдері мен траекториясын анықтауды жоспарлап отыр.

Апаттың алдын алуға бола ма?

Жерге астероид соғысуының ықтималдылығы төмен болғанымен, ғалымдар оны мұқият бақылап жатыр. Ықтималдықты нақтылау және қажет болған жағдайда алдын алу шараларын қабылдау үшін болашақ зерттеулер мүмкіндік береді.

Қазақстандықтар неге үрейленеді?

Бұрынғы шенеунік Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желі арқылы өзінің қорқынышын білдірді. Оның пікірінше, мұндай жаңалықтар Don’t look up деген фильмді еске түсіреді.

«Бір астероид ұшып келіп, Жерге былш ете қалса, бүгінгі проблема деп жүргеніміз жай әншейін айналайын болып қалар еді», – дейді Шыңғыс Мұқан.

Осылайша, Жерге астероид соғысуы қазақстандықтарды да алаңдатып отыр.

Мұның алдында Еуропа ғарыш агенттігінің Күннің жаңа суреттерін жариялағанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз