Кеңесшіліктен босаған Болат Ақшолақов KAZENERGY қауымдастығына төраға болып сайланды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Болат Ақшолақов KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болып сайланды / фото: ашық дереккөз

KAZENERGY қауымдастығының 14 ақпандағы кезектен тыс жиналысында Болат Ақшолақов жаңа төраға болып сайланды.

Ол кеше ғана президенттің кеңесшісі қызметінен босатылған. Ал осыған дейін қауымдастықты басқарып келген Мағзұм Мырзағалиев мемлекет басшысының жаңа кеңесшісі атанған. Осылайша екеуі орын алмастырған.

Болат Ақшолақов осымен үшінші мәрте KAZENERGY қауымдастығын басқаруға келді.

54 жастағы топ-менеджер әр жылдары «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», сонымен бірге мұнай және газ, энергетика министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.

2024 жылы Болат Ақшолақов Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіндегі ең беделді тұлғалардың тізіміне енген.

Сондай-ақ оқыңыз