Чернобыль атом электр станциясына дрон құлады (видео)

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Чернобыль станциясына дрон құлады / Фото: ашық дереккөз

14 ақпанға қараған түні ресейлік дрондар соққысы Чернобыль атом станциясының 4-қуат блогының қалқанына құлады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский хабарлады.

Украина төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтерінің мәліметінше, шабуылдан станция блогы орналасқан аймақта радиация көрсеткіші жоғарыламаған.

«Өткен түні Ресейдің әскери дроны әлемді Чернобыль атом станциясының апатқа ұшыраған 4-қуат блогындағы радициядан әлемді қорғайтын қалқанына түсті», – деп мәлімдеді Зеленский.

Мемлекет басшысы шабуыл жасалған уақытта түсірілген видеоларды әлеуметтік желілерге жариялады. Видеода дрон құлағаннан кейін, станция өртене бастағаны анық көрінді.

Украина төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер жағдайды жіті бақылап отырғанын, радиация деңгейін үнемі тексеріп отырғанын хабарлады.

Ресей жағы әзірге Чернобыльге жасалған шабуыл туралы айыптауларға ешқандай жауап қатпады.

ЧАЭС-тің жаңа саркофагының монтажы 2016 жылы ғана аяқталған. Алғашқы бетон қалқан 1986 жылғы күзде салынған, бірақ кейін оның көпке шыдамайтыны мәлім болған.

Сондай-ақ оқыңыз