“Сонда бізге не қалады?”- кәсіпкерлер онлайн төлемдердің комиссиясына шағымданды (видео)

Жарияланды
Youtube бөлімінің тілшісі
Кәсіпкерлер онлайн төлемдердің комиссиясына шағымданды 
Кәсіпкерлер онлайн төлемдердің комиссиясына шағымданды / Фото: shutterstock

Алматылық кәсіпкерлердің айтуынша, POS терминалдарды қолдануға салынатын банктің комиссиясы қымбат болғандықтан, мобильді аударым қабылдауға мәжбүр.

Алматыда үй жанындағы дүкен иесі Нұргүл Бекованың айтуынша,  QR арқылы төлем қабылдайтын POS терминалдарды қолдану өте қымбат – ақша шешіп алудан 0,95% ұстайды. Бұл шағын бизнес үшін көп. 

«Бізді мобильді аударым алып, салықтан қашады деп кінәлап жатыр. Банктің комиссиясы қымбат болғандықтан, аударым аламыз. Әр заттың үстіне 15-20 пайыз маржа қосамыз, оның 1%-ы банк комиссиясы, 3% салық, жалға алу, коммуналдық қызметтер, сатушының айлығын төлейміз. Сонда бізге не қалады? Кейбір заттардан, мысалы, әлеуметтік маңызы бар тауарлардан мүлде пайда көрмейміз», – дейді кәсіпкер. 

Оның сөзінше, мобильді аударымдарға кәдімгідей чек беріп, салық тапсырғанда, айналымға қосып отырады. Сондықтан салықтан жалтарды деген айыппен келіспейді. 

«Мобильді аударымды қалдыруды сұраймыз. Болмаса банктердің комиссиясын түсірсін», –  деген ұсыныс айтты кәсіпкер. 

Бұл ұсынысты салық сарапшысы Гүлнұр Нұрланқызы  да қолдайды.

«Мемлекет аударымды тексергенше, банктердің POS терминалдарды қолдануға салатын комиссиясын түсіруге жұмыс істесе, бизнеске мобильді аударыммен қабылдаса да, QR  арқылы алса да есесі бір болар еді», – дейді ол. 

Kursiv Media YouTube арнасы мобильді аударымдардығ қарапайым халыққа әсері туралы арнайы репортаж әзірледі. Толық нұсқасын сілтемеге өтіп көре аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз