Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтінім қабылдау басталды
Жарияланды
(жаңартылды )

15-25 ақпан аралығында наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу үшін өтінім қабылдау жүргізіледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) хабарлады.
Наурыздағы ҰБТ қашан өтеді?
Наурыздағы ҰБТ 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді. Тіркеу рәсімі ҰТО-ның ресми сайтында (app.testcenter.kz) немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Тестілеуге кімдер қатыса алады?
Бұл ҰБT келесі санаттағы азаматтарға арналған:
- 11-12 сынып оқушылары;
- ЖОО-ға шартты түрде қабылданған, бірақ ақылы негізде оқитын студенттер;
- Мектеп және колледж түлектері;
- Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері;
- Шетелде оқитын қазақстандық түлектер.
Тіркелу және тестілеу шарттары
- ҰБT-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін күнді, уақытты және орынды таңдау қажет.
- Қатысу ақылы, сынақ тапсыру 5 640 теңге тұрады.
ҰБТ жылына неше рет өткізіледі?
Қазақстанда ҰБT жылына 5 рет өтеді: қаңтар-ақпан, наурыз және тамыз айларында – тестілеу ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін ұйымдастырылады. Мамыр-шілде айларында – мемлекеттік білім грантын жеңіп алу үшін екі рет тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Наурыз айындағы тестілеу – грант конкурсына қатысуға мүмкіндік бермейді, тек ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін қажет.