Жаңалықтар

Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды – «Қазгидромет»

ауа сапасы нашарлайды
5 қалада ауа сапасы нашарлайды / Фото: kursiv.media

16 ақпанда Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

«2025 жылғы 16 ақпанда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Әсіресе, Павлодарда 16 ақпанда, түнде 17 ақпанда метеорологиялық жағдайға байланысты қала атмосферасында ластаушы заттар жиналып, жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі жоғары болады. Ал Қарағанды мен Алматыда ластану деңгейі көтеріңкі болады деп күтілуде. Жезқазған мен Теміртауда бұл деңгей сәл төмендеу болады.