Ресми Минск санкциялық қысымда азайту үшін АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатыр

Беларусь елі санкция қысымын азайту үшін АҚШ-пен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Ny York Times басылымы хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, америкалық жоғары лауазымды дипломат Кристофер Смит Беларусь президенті Александр Лукашенкомен және елдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі басшысымен кездескен. Бұл кездесу АҚШ пен Беларусь арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту мақсатында ұйымдастырылғаны айтылады.
Кездесу қашан өтті?
Бұл кездесу сәрсенбі, 12 ақпанда, өткен. Лукашенкомен келіссөздерден кейін АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Кристофер Смит америкалық үш тұтқынды алып еліне қайтқан.
Смит екі тараптың нақты қандай мәселені талқылағанын ашып айтпаған. Десе де, алдағы уақытта маңызды кездесулер өтетінін жеткізген. Бұл келіссөздер барысында Беларусьте қамауда отырған саяси тұтқындарды босату мәселесі талқыланады. Ал Америка бұған жауап ретінде Беларусь банктеріне салынған санкцияларды жеңілдетіп, тыңайтқыштар қоспасының экспортына рұқсат бермек.