Қостанайда дүкенде өрт болып, құтқарушылар 25 адамды эвакуациялады
Жарияланды

Қостанай қаласында, Чкалов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде өрт шықты. Өрт кезінде тұрғын үйден 25 адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүкендегі тоңазытқыш пен кассалық аппарат жанып кеткен. Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 5 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген. Өрт кезінде өрт сөндірушілер тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарынан 25 адам, оның ішінде 7 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
«Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ, бірақ өрттің себептері әлі де анықталуда», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.