Instagram пікірлерге «дизлайк» қою функциясын енгізбекші

Жарияланды
Instagram пікірлерге «дизлайк» қою функциясын енгізбекші / Фото: kursiv.media

Instagram платформасы пікірлерге «дизлайк» қою функциясын енгізбекші. Қазіргі таңда бұл функция тек тестілеу мақсатында енгізілген. Тестілеуден кейін компания бұл тетікті толығымен енгізуді жоспарлап отыр.

Meta қазіргі таңда функцияның тестілеу мақсатында қосылғанын растаған. Компания мәліметінше, дизлайк қою мүмкіндігі лентада және Reels-те пайда болады.

Instagram басшысы Адам Моссери Threads платформасындағы жазбасында дизлайктар саны жалпыға көрінбейтінін және оны кімнің қойғаны көрсетілмейтінін айтқан. Бұл функция нашар пікірлерді іріктеу үшін қажет екенін атап өткен. Айтуынша, дизлайк қойылған пікірлер автоматты түрде төмен жылжытылады. Солайша жаңа функция пікірлер сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда тестілеу функциясы санаулы адамдар тобына енгізілген. Компания өкілдері бұл функцияның қашан іске қосылатынын нақтыламаған.

Сондай-ақ оқыңыз