Рид Хоффман болжамы. 2034 жылға қарай офисте істейтін жұмыс азаяды

Жарияланды
Рид Хоффманның болжамы
Рид Хофманның 2034 жылға болжамы шықты / Фото: kursiv.media

LinkedIn негізін қалаған Рид Хоффманның болжамына сәйкес, 2034 жылға қарай кеңседе отырып істейтін жұмыс азаяды. Сондай-ақ түйіндемелер маңыздылығын жоғалтуы мүмкін.

Сарапшылар Хоффманның 2034 жылға болжамына сенуге толық негіз бар екенін айтады. Өйткені оның 1997 жылы әлеуметтік желінің маңыздылығы артып, жасанды интеллектінің дамуы туралы болжамы дөп келген. Болжамы дәл келген ол LinkedIn платформасын 26 млрд долларға сатқан болатын.

Рид Хоффманның болжамына сәйкес жұмыс нарығында мынадай өзгерістер болады:

Фриланс және қашықтан жұмыс істеу қалыпты жағдайға айналады. 10 жылдан кейін АҚШ-та жұмыс күшінің 50%-дан астамы кеңселерде емес, қашықтан табыс табатын болады.

Түйіндеме маңыздылығын жоғалтады. HR дипломдар мен лауазымдарға азырақ мән беретін болады. Жұмыс беруші нақты тәжірибе мен онлайн-портфолиоға көбірек назар аудара бастайды. Адамның жеке басының артықшылықтары, жеке бренді түйндемедегі тармақтардан маңыздырақ болады.

Жасанды интеллект өнімділікті арттырады — нейрожелілер тек ұсақ жұмыстарды орындап қоймай, сонымен бірге басқа да тапсырмаларды автоматтандырып, стратегия, клиенттермен жұмыс сынды салаларда да қолданыла бастайды.

Микробизнес әлемінде де біршама өзгеріс күтіледі. 2034 жылға қарай адамдардың көпшілігі фриланс, компанияда жұмыс істеу, инвестициялау және тіпті өз бизнесін басқару сынды салаларда жұмыс атқаратын болады деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз