Макрон ЕО елдерінің басшыларымен Украина мәселесіне қатысты шұғыл жиын өткізеді

Франция президенді Эммануэль Макрон Еуроодақ басшыларын жинап, шұғыл жиын өткізбекші. Бұл туралы Reuters басылымы хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, саммит дүйсенбі, 17 ақпанда өтеді. 15 ақпанда Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі саммитте Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Франция президенті Эммануэль Макронның Парижде еуропалық көшбасшылардың саммитін өткізуге шақырғанын айтқан.
Бұл жиынға Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысатыны туралы ақпарат жоқ.
ЕО елдерінің шұғыл жиын өткізуге әлемдегі саяси жағдайлардың өзгеруі себеп болып отыр. Соның бірі ретінде Трамп пен Путиннің Украинадағы соғысқа қатысты бір мәмілеге келу мүмкіндігін қарастыра бастағанын атауға болады.