Тасқынның алдын алу үшін БҚО-да Қалдығайты өзенінің суын басқа арнаға бұрып жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысында су тасқынын алдын алу үшін арнайы іс-шаралар жүргізе бастады. ТЖМ қызметкерлері әкімдікпен бірлесіп, Қалдығайты өзенінің суын жол төсемдерінің үстімен өткізе бастаған. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында Қаратөбе ауылынан 2 шақырым жерде жергілікті маңызы бар «Қаратөбе-Қарақамыс» автожолында су ағынын жол үстімен өткізу жұмыстары басталды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Құтқарушылар бұл шараларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізіп жатыр. Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде өзеннің суын ескі арнадан өткізу үшін жол төсемінің үстімен өткізе бастаған.
Бұл шаралар жолдың шайылып кетуінің алдын алады, сондай-ақ елдімекендердің су астында қалуына жол бермейді.
ТЖМ хабарлауынша, бұл жұмыстар көлік қозғалысын кедергі келтірмеген.
«Көлік қозғалысы тоқтаған жоқ, жол жүруге жарамды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Әкімдік пен ТЖМ күштері кезекшілікті ұйымдастырып, жағдайды өз бақылауын алған», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.