Тұрғын үйді бөліп төлеу арқылы сатып алған қаншалықты тиімді?

Жарияланды (жаңартылды )
строительство
Баспананы бөліп төлеу арқылы сатып алу қаншалақты тиімді? / Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Милош Муратовский

Тұрғын үй нарығында жеңілдетілген қаржыландырудың қысқаруына байланысты сатуды ынталандырудың негізгі әдісі бөліп төлеу болған. Құрылыс компаниялары осы схема бойынша Алматыдағы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің 72%-ын, Астанада 63%-ға жуық пәтерді сатуды жоспарлап отыр. Солардың ішінде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің 56%-ында, Астанада 33%-ында ипотека арқылы үй алу мүмкіндігі бар. Kursiv.Media пәтерді бөліп төлеу арқылы сатып алудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтады.

2023 және 2024 жылдардың басында тұрғын үйге сұраныстың екі есе төмендеуі, мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалардың қысқаруы мен қатаңдауы, құрылыс компанияларын ынталандыру бағдарламаларын әзірлеуге мәжбүр етті.

Қазақстандықтар қандай үйді қолма-қол ақшаға сатып алады?

Нарықта пәтерлерді 50, 100 және 500 млн теңгеге дейін қолма-қол ақшаға сатып алатындар баршылық екен. Әсіресе, премиум санаттағы элиталы тұрғын үй сегментінде қолма-қол ақшаға сатып алатындар көп.

Мысалы, BI Group компаниясының мәліметінше, Астанада және Алматыда бизнес санаттағы тұрғын үйді сатып алушылардың 50%-ы бірден толық төлем жүргізеді. Премиум санаттағы үйлерді сатып алатындар екі қалада да бірден 100% төлем жасайды.

Премиум санатты үйлерді қолма-қол ақшаға сатып алады / Фото: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ал баспананы бірден қолма-қол ақшаға сатып алуға шамасы жетпейтіндер бөліп төлеу мүмкіндігін пайдаланады.

korter.kz сайтының статистикасына сәйкес, Алматыда құрылысы 2025 жылы аяқталатын 71 тұрғын үй кешенінің 51-інде (72%) пәтерді бөліп төлеу қарастырылған. Ал 40 тұрғын үй кешенін (56%) ипотекамен алуға болады.

Астанада 2025 жылы аяқталуы жоспарланған 52 тұрғын үй кешенінің 33-інде (63%) бөліп төлеу қарастырылған. Соның ішінде 17 тұрғын үй кешенінде (33%) ипотекамен сатып алу мүмкіндігі бар.

Ипотекаға кімдер алады?

Құрылысшылардың мәліметіне сенсек, тұрғын үйді бөліп төлеу мүмкіндігі артқан сайын, пәтер құны да арта түседі. BI Group статистикасында Алматыда бизнес-кластағы тұрғын үйді сатып алушылардың 43%-ы және комфорт класындағы тұрғын үйді сатып алушылардың 40%-ы бөліп төлеуді таңдайтыны жазылған. Ал ипотекаға бизнес және комфорт класындағы сатып алушылардың 7-30%-ы ғана жүгінеді.

Астана мен Алматы қалаларында қанша үй ипотекаға беріледі? / Фото: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Астанада бизнес-класс санатындағы BI Group-тың әрбір үшінші сатып алушысы бөліп төлеуді таңдайды. Ал 20%-ы ипотекамен алады. Ал комфорт санатындағылар 35%-ы ипотекаға, 30%-ы бөліп төлеумен алады. Стандарт санаты бойынша пәтер сатып алатындардың 50% ипотекаға жүгінсе, тек 5/1 адам бөліп төлеу мүмкіндігін таңдайды.

«Бөліп төлеу тәсілі кең таралған, десе де тұтынушылардың басым бөлігі ипотекамен сатып алады. Сатып алушылар негізінен баспана құнының 50%-ын қолма-қол төлеп, 50% – Отбасы банкінің «Отау», «Наурыз», «Алматы жастары», «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша төлейді,» – дейді Qazaq Stroy компаниясының өкілі.

Бөліп төлеу қаншалықты тиімді?

Бөліп төлеу кезінде сатып алушы 20% – 50% мөлшерінде бастапқы төлем жасайды. Қалған соманы құрылыс жүріп жатқанда объект тапсырылғанға дейін, кейде тіпті тапсырылғаннан кейін бөліп төлейді.

Көптеген құрылыс компаниясы бөліп төлеу тетігін пайызсыз, пәтерді тиімді сатып алу мүмкіндігі ретінде жарнамалайды. Алайда бұл жәй ғана жарнама. Өйткені бөліп төлеу арқылы сатып алынған пәтер мен қолма-қол ақшаға алынған пәтердің құнында айтарлықтай айырмашылық болады.

Мысалы, Qazaq Stroy компаниясының үйлерін 50% көлемінде бастапқы жарна төлеп сатып алатын болсаңыз, пәтер құнына 10% көлемде үстеме қосылады. Ал баспана құнының 20%-ын құйып, бөліп төлесе, оның құны 15%-ға қымбатырақ болады.

Ал Rams Qazaqstan үйлерін бөліп төлеу арқылы сатып алсаңыз құны 12%-ға қымбатқа түседі. Бөліп төлеу кезінде компания алдын ала төлемнің көлемін, бөліп төлеу жоспарының ұзақтығын, тіпті инфляцияны есепке алатын өзіндік баға индексін пайдаланады. Бөліп төлеу жоспары неғұрлым ұзағырақ болса, әрі бастапқы жарна неғұрлым төмен болса, лоттың бағасы соғұрлым жоғары болады.

Сондай-ақ оқыңыз