Сәкен Майғазиев, Толқын Забирова және Мұрат Есжаннан Qazaqsha Therapy – алдағы аптада қандай концерттер өтеді?

Жарияланды 16 Ақпан 2025 10:59

Айшолпан Керім

Айшолпан Керім

Сәкен Майғазиев, Толқын Забирова және Мұрат Есжаннан Qazaqsha Therapy
Алдағы аптада Сәкен Майғазиев, Толқын Забирова, Мұрат Есжан концерт ұйымдастырады / Фото: shutterstock

Алдағы аптада орта буын сүйіп тыңдайтын әншілер де, жаңа толқынның көңілінен шығып жүрген хит орындаушылар да тыңдарманын қуантпақ. Себебі ақпанның 18-23 аралығына жоспарланған концерт көп-ақ. Талғамыңызға қарап таңдап, қыстың соңғы кештеріне сән беремін десеңіз, мархабат. Kursiv.Media әзірлеген бағдарламамен таныс болыңыз.

Толқын Забирова

Ақтау қаласы

18 ақпан

Толқын Забирова – эстрада және опера дивасы. Ол «Қара, маған қара», «Сен үшін» және «Өмірге ғашықпын» және тағы басқа көптеген хит әндерімен және кең диапозынымен миллиондаған қазақстандық әнсүйер қауымның жүрегін жаулады. 

Әншінің Ақтаудағы шығармашылық кеші «Өмірге ғашықпын» деген атаумен өтпек. Жеке концертте тыңдарман сүйіп тыңдайтын қазақ әндері, классикалық-шетелдік және кеңестік хиттері орындалады.

Мөлдір таза вокал, сапалы дыбыс, атмосфералық жарықтандыру және бейне сүйемелдеу концертке келген қалың көрерменге ең жарқын және ұмытылмас эмоция сыйлайтыны анық.

Концерт Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де. 

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

DR Alban және Haddaway 

Қарағанды қаласы

21 ақпан

Аты аңызға айналған Dr. Alban мен Haddaway Қарағанды қаласында өнер көрсетпек! 

Dr. Alban – әлемдік музыка мұрағатына өшпес композициялар сыйлаған музыкант. Оның әйгілі «It’s My Life» әні бүкіл ұрпақтың әнұранына айналды. Ал «Hello Afrika» және «One Love» альбомдары бүкіл әлем бойынша миллиондардың жүрегін жаулады.

Немістің поп әншісі Haddaway өзінің «What Is Love» суперхитімен әлем чартының бірінші жолдарын бағындырды. Оның «Life», «I Miss You» және «Rock My Heart» әндері еуродэнс әуесқойлары үшін культке айналды.

Осы бір мәңгі хитке айналған танымал әндерді жанды дауыста тыңдап, ырғақты әуенге билеп, ностальгиялық күйге бөленіп, алдағы жұма кешін естен кетпейтей етіп өткізіңіз.

Алдағы аптада Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында тамаша кеш болғалы тұр. Әлі де билет алып үлгересіз. Ол үшін Ticketon.kz сайтына өтіңіз. 

Jinalike party

Алматы қаласы

22 ақпан

22 ақпан күні Motor Club төрінде керемет іс-шара – jinalike.party өтеді. Бұл қарапайым сауық кеші емес, бірте-бірте өз дауысын қатайтып, аяғын нық басып келе жатқан қазақ рэпінің нағыз манифесі. Атауы айтып тұрғандай, бұл қала жастары жиналатын тамаш кеш болмақ.

Бұл күні сахна төрінде Puza, Alem, Bonah және Tibo & Beckth өнер көрсетеді. Кеш хэдлайнері – De Lacure.

Алдағы бейсенбі күні өтетін осынау ерекше музыкалық шеруге қосылып үлгеріңіз. Ол үшін, әрине, алдын ала билет алып үлгеріңіз. Ол үшін Ticketon.kz сайтына өтіңіз.

Сәкен Майғазиев

Қызылорда қаласы

23 ақпан

Сәкен Майғазиев биыл сүйікті тыңдарманымен бірге 50 жылдық мерейтойын тойламақ. Тойдың басы басталып та кетті. Мысалы, алдағы аптада әнші мерейтойлық концертімен Қызылорда жұртын қуантады. Бұл аналар мен аруларға арналған кеш болмақ.

Әншінің өзі бұл кеш нәзік жандарға деген алғыс, махаббат пен құрметтің нағыз мерекесі болады деп отыр. «МузАрт» тобының белді әншісі тыңдармандарына жүрекке жылы әндерін, жан тебірентер әуендерін және жаңа шығармаларын ұсынады.

Концерт бағдарламасында сүйікті хиттер, ерекше дуэттер және тосын сыйлар бар. Кеште халықтың сүйіктісі – «МузАрт» тобы, Мәдина Сәдуақасова мен Shahrizada өнер көрсетеді.

Концерт Қызылорда қаласындағы Нартай Бекежанов атындағы облыстық драма театры залында өтеді. Көрермен көп болатынын болжаған ұйымдастырушылар Қызылорда халқы үшін екі рет концерт қояды. Біріншісі 16:00-де басталса, екіншісі 19:30-да басталады.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

Qazaqsha Therapy

Талдықорған қаласы

23 ақпан

Алдағы аптада Талдықорғанда тұратын өнерсүйер қауым ғаламат концерттің куәсі бола алады. Сіздерге бірегей іс-шара – QAZAQSHA Therapy  концертіне баруды ұсынамыз. Бұл – қазақтың дәстүрлі нақыштары мен заманауи музыкалық трендтері тамаша үйлесім табатын театрландырылған музыкалық саяхат ретінде өтетін керемет кеш болмақ.

Бұл концерт жай музыка емес, жан дүниесінің түкпір-түкпірін тебірентетін терең жырлар мен әндерге толы тұтас рухани тәжірибе. Ол ежелгі дәстүрлер мен заманауи идеяларды біріктіріп, ерекше атмосфера жасайды. Ұлттық аспаптардың қоңыр үнін естіген қонақтар бұл кештен керемет әсер алып қайтарына сенімдіміз.

Кеш Бекен Римова атындағы драма театрында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де. Билеттерді Ticketon.kz сайты арқылы сатып ала аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз