Семей әкімі Нұрымбет Сақтағанов ШҚО басшысы болып тағайындалды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды/Фото: Gov.kz

Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Ол бұған дейін Семей қаласының әкімі болып келген.

Нұрымбет Сақтағанов 1970 жылғы 6 тамызда дүниеге келген.

Еңбек жолын Қызылордадағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастап, білім бөлімінде, кеден, көші-қон комитетінде, президент әкімшілігінде қызмет еткен.

Кейінгі 13 жылда әкімдіктерде басқарушы қызметтерді атқарған. ШҚО әкімінің орынбасары, облыстағы Ұлан ауданының әкімі болған. 2021 жылдың 25 қаңтардан Семей қаласының әкімі қызметін атқарып келді.

Бұған дейін ШҚО-ны басқарған Ермек Көшербаев премьер-министрдің орынбасарлығына көтеріліп кеткен. Ол қызметте болған Тамара Дүйсенова президенттің көмекшісі болып тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз