Алтын сатып алу есебінен Қазақстанның халықаралық резервінің көлемі артты

2025 жылдың қаңтар айында Қазақстанның халықаралық резерві 2024 жылдың қыркүйегінен бері алғаш рет өсім байқатты. Оған себеп –монетарлық алтын үлесінің артуы.
Ұлттық Банктің алдын ала мәліметіне сәйкес, жыл басында Қазақстанның таза халықаралық резервтері (еркін айналымдағы резервтегі активтер, монетарлық алтын және Ұлттық қор активтері) 103,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл қарашадағы 102,4 млрд АҚШ долларымен салыстырғанда біршама жоғары.
Алтын-валюта қоры қанша
Қаңтарда Қазақстанның таза алтын-валюта резерві 43,6 млрд АҚШ долларынан 45,0 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Негізгі өсім монетарлық алтынның 8,4%-ға артуымен (25,8 млрд АҚШ долларына дейін) байланысты. Ал ЕАВ активтері 2,9%-ға қысқарып, 646 млн АҚШ долларына төмендеді. Қаңтар айында валюталық интервенция жүргізілмесе де, Ұлттық Банк алғаш рет 465 млн АҚШ доллары көлемінде ЕВВ сату арқылы алтын сатып алу операциясын жүзеге асырды.
Ұлттық қордың динамикасы
Сонымен қатар 2024 жылдың ақпан айынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы міндеттемелерді шегергенде, Ұлттық қор активтері 58,5 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді.
Соңғы жылдары Қазақстанның халықаралық резервтерінің негізгі өсімі Ұлттық Банктің алтын валюта қорының ұлғаюымен байланысты, әсіресе, монетарлық алтынның үлесі артып отыр.
Алайда алтын сатып алу кезінде эмиссия әсерінен ақша массасына теріс ықпал ететін факторлар да байқалды. Осыған байланысты Ұлттық Банк жақында теңдестіру әдісін қолданып, эмиссияның ықпалын азайтуғы тырысты.
Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 2 млрд долларға азайды.