40 трлн теңге: депозит көлемі бір жылда бестен бір есе өсті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Халықтың депозитте сақтаған қанша қаржысы бар / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Заңды және жеке түлғалардың депозит пен есепшоттарында сақтаған ақшасы бір айда 900 млрд теңгеге азайды. 2024 жылдың соңында депозиттерде жатқан қаржы көлемі 41,3 трлн теңгені құраса, қаңтар айының нәтижесінде 40,4 трлн теңге болды. Ал бір жылда 33,7 трлн теңгеден 40,4 трлн теңгеге жеткен.

2025 жыл қаңтар айында теңгедегі депозиттердің азайғаны байқалады. 2024 жыл соңында теңгеде сақталған депозит көлемі 32 трлн теңге болса, қаңтар айында 800 млрд теңгеге азайып, 31,2 трлн теңгені құраған. Дегенмен бір жылдағы өсім 20%-дан асқан.

Теңгеде сақталған 31,2 трлн теңгенің 17,6 трлн теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі болса, 13,6 трлн теңгесі – түрлі компаниялардікі.

Сонымен қатар қаржы ұйымдарында шетел валютасында сақталған депозиттердің көлемі 9,1 трлн теңгені құрайды. Оның 4,6 трлн теңгесі – банктік емес заңды тұлғалар, ал 4,5 трлн теңгесі жеке тұлғалар салған қаржы.

Екінші деңгейлі банктердегі депозиттердің төрттен бір бөлігі Halyk Bank-те сақтаулы. Банк балансында 12,5 трлн теңгені құрайтын депозит бар.

Сондай-ақ оқыңыз