Көтерме сауданың үлесі басым: бөлшек сауданың дамуына не кедергі

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Көтерме сауданың үлесі басым/ Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың қаңтарында Қазақстандағы сауда саласында оң өзгерістер байқалды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, сауданың нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артты. Бұл тұтынушылық белсенділіктің артып келе жатқанын байқатады. Алайда EcONomyKZ порталының сарапшылары салада құрылымды түйткілдер сақталып отырғанын жазады.

Көтерме сауда: нарықтағы негізгі ойыншы

Қазақстандағы сауда айналымының басым бөлігі көтерме саудаға тиесілі, оның үлесі 68,2% құрайды. 2025 жылдың қаңтарында көтерме сауда көлемі 2 850,4 млрд теңгеге жетіп, 3,8%-ға өсті.

Нарықтағы 81% – өндірістік мақсаттағы және басқа да азық-түлік емес тауарлар. Екіншіден сауда-саттық Алматы мен Астана қаласы, Атырау мен Қарағанды облысында шоғырланған. Бұл көрсеткіштер көтерме сауданың негізінен ірі қалалар мен өндірістік аймақтарда екенін байқатады

Бөлшек сауданың тұрақты өсімі

Тұтынушылық сұраныстың артуына байланысты бөлшек сауда көлемі 4,2%-ға өсіп, 1 316,8 млрд теңгені құрады. Бөлшек сауданың құрылымында сауда кәсіпорындары арқылы сату 3,5%-ға артса, жеке кәсіпкерлер мен базарлардағы сату көлемі 6,8%-ға ұлғайды. Сұраныстың артуына байланысты бөлшек сауда көлемі 4,2%-ға өсіп, 1 316,8 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:

  • Сауда кәсіпорындары арқылы сату 3,5%-ға артты;
  • Жеке кәсіпкерлер мен базарлардағы сату көлемі 6,8%-ға ұлғайды.

Қаңтар айының соңында сауда кәсіпорындарындағы тауар қоры 1 470,7 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 64 күндік сауда айналымына тең, яғни еліміздегі сауда орындарында тауар қоры жеткілікті деңгейде сақталған.

Сауда саласындағы негізгі түйткілдер

  1. Аймақтық теңсіздік – сауда айналымының негізгі бөлігі Алматы, Астана және мұнай өндіруші облыстарда шоғырланған, ал басқа өңірлердегі сауда әлеуеті толық пайдаланылмай отыр.
  2. Көтерме сауданың басымдығы – жалпы айналымның 68,2%-ы көтерме саудаға тиесілі. Бұл шағын және орта деңгейдегі бөлшек сауданың дамуын тежейді және нарықтағы бәсекелестікті төмендетуі мүмкін.
  3. Тауар қорының өсуі – қоймалардағы тауар көлемінің ұлғаюы тұтынушылық сұраныстың бәсеңдегенін білдіруі мүмкін. Бұл бөлшек сауда орындары үшін қосымша шығындар тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар инфляция мен көлеңкелі экономиканың әсерінен халық қолма-қол ақшаға көшіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз