«Сергек» жүйесі енді көлігін дұрыс қоймағандарға айыппұл салады

Жарияланды (жаңартылды )
Камеры «Сергек» фиксировали нарушения, где не было ограничительных знаков
Көлік тұрақтарын бақылап, көлігін дұрыс қоймағандар тіркелетін болады./ gov.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Алматыда «Сергек» жүйесінің жаңа қызметі пилоттық, яғни сынақ режимінде іске қосылды.

Polisia.kz хабарлауынша, көлік тұрақтарын бақылап, көлігін дұрыс қоймағандар тіркелетін болады. «Сергек» қырағы көзі ереже бұзушылықты қалт жібермейді.

«Сергек» қайда қойылады?

Алматы қаласының Сәтпаев көшесі бойындағы учаскеде, Достық даңғылынан бастап, Уәлиханов көшесіне дейін солтүстік және оңтүстік бағыттарда бұл жүйе іске қосылды. Бейнебақылау жүйелері бұл жерлердегі тұрақ ережелерін бұзу, екінші қатарға көліктерін қойып кету деректерін тіркеп отырмақ.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау талаптары

Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 85-бабын еске салып отыр. Бұл ережеге сәйкес, жол бойына көлік қою тек бір қатарда, жүріс бөлігіне қатар орналасуы тиіс. Ерекше жағдайлар тек жолдың кеңейтілген бөліктерінде қарастырылған. «Сергек» жүйесі ереже бұзуға жол бермейді.

Сонымен қатар басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіретін, кептеліс тудыратын жерлерде көлік қоюға тыйым салынады.

Ережені бұзғандарға салынатын айыппұл

Полиция бөлімшелері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы, 3-тармағына сүйене отырып, айыппұл мөлшерлерін хабарлады.

Егер көлік жол қозғалысына кедергі келтірсе – 10 АЕК көлемінде айыппұл (39 320 теңге);

Егер айыппұл 7 күн ішінде төленсе – 5 АЕК (19 660 теңге) жеңілдік қарастырылған.

Полицияның мәліметінше, бұл шаралар Алматы қаласындағы жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және көлік тұрақтарын дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Алматыда көбейіп жатса, Астана көшелеріндегі «Сергек» камералары алынып тасталмақ.

Сондай-ақ оқыңыз