Ерұлан Жамаубаев Ұлттық Банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды /Фото: Gov.kz

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық Банк Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұрын атқарған лауазымынан босатылды деп хабарлайды Ақорда

Бұған дейін Жамаубаев Қаржы министрі (2020-2024 жылдары), Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (2024 жылдың мамырынан бастап) деген қызметтерде болды.

Саясаткер 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. Еңбек жолын Ұлттық Банктің жетекші маманы ретінде бастап, кейіннен департамент директоры лауазымына дейін көтерілді.

2014-2015 жылдары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да, 2015-2018 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде қызмет атқарды.

2018-2019 жылдары Президенттің жеке көмекшісі болды.

Ал өткен жылы жазда Ерұлан Жамаубаев  «Бәйтерек» холдингінің, одан кейін «Самұрық-Қазына» әл ауқат қоры директорлар кеңесі құрамына енді.

Сондай-ақ оқыңыз