Жаңалықтар

Glencore «Қазмырышты» сату жөнінде бейресми келіссөз жүргізді – Financial Times

Glencore «Қазмырышты» сату жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Glencore компаниясы Қазақстандағы активтерін сатып алғысы келетін адамдармен бейресми келіссөз жүргізіп жатыр, деп жазды Financial Times.

Басылымның келіссөздер барысымен таныс дереккөздерінің айтуынша, кейінгі бірнеше аптада Glencore Қазақстандағы активтерін сатып алуға қызығушылық білдірген адамдарпен жекелеген бейресми кездесулер өткізді.

Былтыр Glencore мырыш, қорғасын және алтын өндірумен айналысатын «Қазмырышты» сатудан бас тартқан. Glencore «Қазмырыштың» 70 пайыз акциясына ия. RBC пакет құнын 5,1 млрд долларға бағалаған.

Financial Times басылымының хабарлауынша, Glencore өкілдері Қазақстандағы активтерін сатқалы жатыр деген мәліметке қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Glencore — әлемдегі ең ірі шикізат трейдерлерінің бірі. Швейцариялық компания мыс өндірісінде алғашқы алтылыққа кіреді, көмір өндірісінен Батыста бірінші орында тұр.

Компания жылдық есебін сәрсенбі күні жариялайды, деп хабарлайды FT.