АҚШ пен Ресей келіссөзі қай күні өтетіні мәлім болды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
АҚШ пен Ресей делегациялары кездескелі жатыр / фото: REUTERS/Maxim Shemetov

АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөз 18 ақпанда Эр-Риядта өтеді деп хабарлайды «Коммерсантъ».

Басылым мәліметінше, Құрама Штаттар жағынан мемлекеттік хатшы Марк Рубио, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц және АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы уәкілі Стив Уиткофф қатысады.

Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сауд Арабиясына барғалы жатқаны туралы мәлімет жарияланған.

Украина президенті Владимир Зеленский де Сауд Арабиясында жүр. Бірақ ол АҚШ пен Ресей келіссөздеріне Киев қатыспайды деп мәлімдеген.

«Мақсат – тұтқындағы көп адамның аман-есен елге оралуы.

Бұған қоса, инвестиция мен экономикалық әріптестік орнату, үлкен гуманитарлық бағдарлама бастау», – деп жазды Зеленский.

Bloomberg осының алдында Ресей жағынан президент көмекшісі Юрий Ушаков, Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин және Ресей инвестиция қорының басшысы Кирилл Дмитриев қатысады деп жазған.

АҚШ пен Ресей делегациялары келіссөз өткізгелі жатқанын өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп жариялады. Кремль делегациялар кездесуі үшінші бір елде өтетінін растаған.

Сондай-ақ оқыңыз