Ауа райына байланысты үш облыста жол учаскелері жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жол жабылды. «ҚазАвтоЖол» республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысы:
– «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 794-946 шақырым арылығы (Бескөл ауылы – Сергеевка қаласы);
– «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 729-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Қостанай облысының шекарасы);
-«Мамлютка-Қостанай» автожолының 0-180 шақырым аралығы (Мамлютка қаласы – Қостанай облысының шекарасы);
– «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолының 58-119 шақырым аралығы (Тимирязево ауылы – KАZ13 жолы);
– «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» автожолының 0-32 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Тимирязево ауылы) жабылды.
Қостанай облысы:
– «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 683-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы);
– «Мамлютка-Қостанай» автожолының 180-250 шақырым аралығы (СҚО шекарасы – Ұзынкөл ауылы).
Ақмола облысы:
– «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы-Жақсы ауылы).
Жол учаскелерін 2025 жылғы 18 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.