Жаңалықтар

Ұлытау облысындағы шахтада тау-кен массасы опырылып, 7 кенші үйінді астында қалды

«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты
«Қазақмыс» шахтасында 640 метр тереңдіктегі шахтада тау массасы құлаған / Коллаж: kursiv.media архиві

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды. Салдарынан 7 адам үйінді астында қалды.

Ресми дерекке сүйенсек, 640 метр тереңдіктегі шахтада тау массасының құлаған. Кабельдердің үзілуіне байланысты  үйінді астында қалған кеншілермен әзірге байланыс жоқ.

«Құлау аймағының артында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.  Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары дерек жіберілді», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде. Сондай-ақ ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды.Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.