Жаңалықтар

Тоқаев Науседаны Литва мемлекетінің қалпына келтіру күнімен құттықтады

Биыл Вильнюсте Литва мемлекетінің қалпына келтірілгеніне 107 жыл толды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Литва Президенті Гитанас Науседаны Литва мемлекетінің қалпына келтірілу күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Астана мен Вильнюс арасындағы жылы қарым-қатынастардың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.

Құттықтау жеделхатында.Литва Еуропалық Одақтың белсенді мүшесі ретінде  «мемлекеттілікті нығайту және  азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолында айтарлықтай едәуір жетістікке қол жеткізді» делінген.

«Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық және сенімді қарым-қатынастар екі халықтың игілігі үшін одан әрі дами береді деген сенімін білдірді», – делінген Ақорда хабарламасында.

Биыл Вильнюсте Литва мемлекетінің қалпына келтірілгеніне 107 жыл толуын атап өтуде. Бұл құжат 1918 жылғы 16 ақпанда қабылданған. Delfi25 басылымының мәліметінше, бүгін ел билігі бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында – Тәуелсіздік актісіне қол қойған тұлғалардың қабірлеріне гүл қою, жастардың мерекелік шеруі және символикалық алау жағу рәсімі бар.

Қазақстан мен Литва арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 маусымда орнатылған.