Бейне

Заңгер: Мобильді аударымдардың санын емес, сомасын тексеру керек (видео)

Заңгер: Мобильді аударымдардың санын емес, сомасын тексеру керек
Заңгер: Мобильді аударымдардың санын емес, сомасын тексеру керек / Фото: kursiv.media мұрағаты

Заңгер Еркебұлан Бейімбет тексерілетін аударымның төменгі көлемі 2 АЕК-тен (1 АЕК =3932 тг)  басталу керек деген пікірде. Оның айтуынша, бұл құрт-шай секілді бағасы өте аз тауар сататын саудагерлерді тексерістен құтқарады

«Халықтың әлеуметтік жағдайы, көпбалалы екендігі, отбасының жалғыз асыраушысы болуы ескерілмейді. Өзін-өзі қамтамасыз етіп, өзін әрең бағып отырған халықтан қинап салық жинасақ, не қадіріміз қалады? Бір аударымға 1-2 АЕК көлемінен асқан кезде ғана тексеруді ұсынамыз. Сонда құрт-майын сатып отырған апаларымыз тексерілмейді”, – дейді Еркебұлан Бейімбетов.  

Ал базардағы саудагерлер болса мобильді аударыммен төлейтін клиенттерін жоғалтып жатқанын айтады. 

«Сенің салығың сеніп проблемаң деп клиенттер кетіп қалады. Мобильді аударыммен алсаң, кейін ұстап беріп, келіп штраф салады. Бала-шағаны бағамыз ба, мемлекетті бағамыз ба?» , «QR-дан процент ұстайды. 6 ай сайын есеп тапсырамыз. Тағы да салық ұстайды. Ақша халықтың қалтасында қалса, болмайды ма?», деп уәжін айтты саудагерлер. 

Kursiv Media YouTube арнасы мобильді аударымдарды тексерудің қарапайым халыққа әсері туралы арнайы репортаж әзірледі. Толық нұсқасын сілтемеге өтіп көре аласыздар. 

МОБИЛЬДІ АУДАРЫМ: отбасын емес, Үкіметті асыраймыз| Кто пострадает от контроля мобильных переводов