Жаңалықтар

Рамазан айы: діни сұрақтарға жауап пен кеңестерді енді бір жерден алуға болады

Діни сұрақтарға жауап беретін Telegram бот іске қосылды/Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының қарсаңында @MuftyatBot Telegram-боты іске қосылғанын хабарлады.

Мүфтият мәліметінше, бот жұмысын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан таныстырған.

Боттың қызметі қандай

Тимур Орынханның айтуынша, жаңа Telegram бот Рамазан айында пайдаланушылардың діни сұрақтарына жауап беру үшін арнайы әзірленген.

Шариғат мәселелері бойынша ақпарат беруге және кеңес ұсынуға арналған. Одан бөлек қолданушылар бот арқылы Рамазан кестесін жүктей алады. 

Жаңа Telegram ботқа мына жерді басып қосылуға болады.

Бұған дейін оразаға байланысты маңызды жайттар туралы жазғанбыз.