АҚШ пен Еуропаға апарамыз дейтін жарнама көп. СІМ мұндайдан сақ болуға шақырады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
СІМ АҚШ пен Еуропаға заңсыз бармауға шақырды/Фото: shutterstock

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров интернет желісіндегі АҚШ пен Еуропаға заңсыз баруға көмектесетін жарнамалардың жетегінде кетпеуді ескертті. к

«Мұндай арналарды пайдалану тиімсіз. Егер сол елдің көші-қон полициясының қолына түсетін болсаңыздар, бірден депортациялайды. Шетелге барғыларыңыз келсе, тек заңды жолмен барыңыздар»,– дейді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, кей азаматтар жолға қарызданып, несие алып баратындықтан, депортация олардың жағдайын тіптен қиындатып жібереді.

Смадияров сондай-ақ АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға өз еркімен АҚШ аумағынан шығуға кеңес берді. Көші-қон қызметі ұстап алған жағдайда Американың есігі біржола жабылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз