Air Astana buyback бағдарламасы аясында 4,6 млн акциясын кері сатып алды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Air Astana қанша акциясын кері сатып алды/ Фото: airastanа

Air Astana buyback бағдарламасының бірінші кезеңі аясында 4,6 млн акциясын кері сатып алды. Әуе компаниясы акцияларын 8,2 млн долларға сатып алған.

Buyback бағдарламасының бірінші кезеңі 2024 жылдың сәуір айында басталған болатын.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияларын қызметкерлерді ынталандыру бағдарламаларын қолдау мақсатында сатып алған.

« 2025 жылғы 17 ақпаннан қызметкерлерге акциялар беру басталды», – деп хабарлады компания.

Алайда компания инсайдерлеріне 2024 жылғы қаржылық есеп жарияланғанға дейін акциялармен қандай да бір мәміле жасауға тыйым салынған. Жылдық есеп 2025 жылғы 14 наурызда жарияланады деп жоспарланып отыр.

2024 жылғы 30 сәуірде Air Astana қызметкерлерді марапаттау бағдарламасы аясында 12 миллион долларға акция мен ғаламдық депозитарлық қолхаттарын сатып алу жоспарын жариялады. Бағдарламаның бірінші кезеңінде компания 4 786 800 акцияны (жалпы орналастырылған акциялардың шамамен 1,3%-ын) сатып алуды жоспарлаған.

Air Astana 2024 жылғы ақпанда IPO-ға шығып, 120 миллион доллар тартқан болатын. Бұл қаражат компанияның келесі даму кезеңін жеделдетуге бағытталған. Акцияның бастапқы орналастыру бағасы 1 073,83 теңге, ал GDR бағасы 9,5 доллар болды (1 GDR = 4 акция). Алайда бір жыл ішінде компания акциялары 29,3%-ға арзандады.

Компания акцияларын кері сатып алу бағдарламасын жалғастыруға ниетті.

Сондай-ақ оқыңыз