Болат Назарбаевқа тиесілі болған Алматы ауыр машина зауытына жері мен ғимараты қайтарылды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Бұған Болат Назарбаевқа тиесілі болған Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкі өз меншігіне қайтарылды. Яғни 97 гектар жер мен жалпы аумағы 80 мың шаршы метрді құрайтын 94 ғимарат. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайды.

Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы зауыт мүлкі заңсыз сатылғанын анықтаған. Содан кейін Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы шағым тастаған.

Сот талапкердің талабын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырған.

Марқұм Болат Назарбаев зауыттың 31,9%-ы акциясын 2023 жылдың наурызында мемлекетке қайтарған болатын. Бұл зауыт акцияларын экс-президенттің туған бауыры  заңсыз иемденілген актив ретінде қайтарды.

Ал зауыт сайтында қазір негізі акционерлері Нұрбол Назарбаев пен Эдгар Салдузи екені жазылған. Олар зауыт акцияларын теңдей иеленеді.

Сонымен қатар Қарасай аудандық соты «Барыс» базары орналасқан жерді сату келісімшарттарын жарамсыз деп тапты. Солайша Болат Назарбаев базарынан айырылды. Прокурор жалпы көлемі 35 гектардан асатын жер телімдерін сату келісім-шарттарын жарамсыз деп тануды талап еткен.

Сондай-ақ оқыңыз