Қай облысты қымбатшылық қысып тұр: инфляция 14 өңірде жеделдеді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қай өңірде азық-түлік қымбаттады / Фото: kursiv.media

Қаңтар айында Қазақстандағы жылдық инфляция жеделдеп, 8,9%-ды құрады. Инфляция 2024 жылдың желтоқсан айында 8,6% болған. Жылдық инфляция 14 өңірде қарқын алып, 6 өңірде өзгеріссіз қалған.

Ұлттық банк статистикасына сәйкес, өңірлер арасында ең жоғары инфляция Астана қаласында тіркелген.

Қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 5,8%-ға дейін өсті. Әсіресе, Жетісу облысында азық-түлік қатты қымбаттаған. Ал Түркістан облысында баға аса көтерілмеген.

Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,4%-ға дейін жеделдеген. Бұл тауарлардың бағасы Түркістан облысында қатты көтерілсе, Павлодар облысында көп қымбаттамаған.

Халық мұны тіпті жоғары деңгейде сезінетінін ескерсек, келесі жылы 14,6%-ға дейін өсуі мүмкін. Сүлейменов мұндай жағдайда базалық мөлшерлемені төмендету керек емес деп отыр.

Бұл ретте Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені мерзімінен бұрын төмендетсе, баға қысымы сақталып, инфляция жылдам жүреді деп тұжырымдайды.

Доллар күшейіп, халықтың жиған қаржысы құнсызданып кетуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз