ҚМДБ 2025 жылғы пітір садақа мөлшерін белгіледі
Жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) президиумы 2025 жылғы пітір садақа мөлшерін 655 теңге деп бекітті. Бұл сома екі келі ұнның орташа бағасына негізделген.
2025 жылы Ораза қашан басталады?
Бұған дейін, ҚМДБ 2025 жылға діни мерекелер кестесін жариялаған еді.
- Рамазан айы: 1 наурызда басталады.
- Қадір түні: 26-нан 27 наурызға қараған түн.
- Ораза айт: 30 наурыз.
- Құрбан айт: 6 маусымда басталады.
Пітір садақа дегеніміз не?
Пітір садақа – Рамазан айында әрбір мұсылманның беруі тиіс міндетті садақа. Бұл садақа жан басына есептеледі және отбасының әр мүшесі үшін берілуі тиіс.