«Қазақмыс» кенішінде қайтыс болған жұмысшылардың аты-жөні жарияланды

Жарияланды
жеті кенші
«Қазақмыс» кенішінде қайтыс болған жеті кеншінің аты-жөні белгілі болды / Фото: shutterstock, freepik

«Қазақмыс» компаниясына тиесілі Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде қайтыс болған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды.

Қаза болған кеншілер тізімі:

  • Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, насос машинисі;
  • Жакубаев Ардақ Боранбаевич, 1998 жылы туған, жерасты тау-кен шебері;
  • Жұмадуллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты кеншісі;
  • Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
  • Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, бұрғылаушының көмекшісі,
  • Нурулдаев Олжас Жағалбаевич, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетик;
  • Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен жабдықтарының электр слесарі.

Апат туралы

Айта кетейік, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Жомарт» кенішінде 17 ақпан күні, кешкі уақытта тау массасы құлады. Төтенше жағдайлар министрлігі үйінді артында 7 кенші қалып қойғанын, дереу құтқару жұмыстары басталғанын хабарлады. Алайда 18 ақпан күні, таңда 7 кеншінің де қаза тапқаны белгілі болды. Құтқарушылар жетеуінің мәйіті жер бетіне шығарылғанын мәлімдеді.

Бұл оқиғадан соң, президент Қасым-Жосмарт Тоқаев жеделхат жолдап, кеншілердің отбасына көңіл айтты. Ал үкіметке апатты толық зерттеп, кеншілердің отбасына қажетті көмек көрсетілуін қадағалауды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз