
«Қазақмыс» компаниясына тиесілі Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде қайтыс болған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды.
Қаза болған кеншілер тізімі:
- Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, насос машинисі;
- Жакубаев Ардақ Боранбаевич, 1998 жылы туған, жерасты тау-кен шебері;
- Жұмадуллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты кеншісі;
- Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
- Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, бұрғылаушының көмекшісі,
- Нурулдаев Олжас Жағалбаевич, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетик;
- Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен жабдықтарының электр слесарі.
Апат туралы
Айта кетейік, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Жомарт» кенішінде 17 ақпан күні, кешкі уақытта тау массасы құлады. Төтенше жағдайлар министрлігі үйінді артында 7 кенші қалып қойғанын, дереу құтқару жұмыстары басталғанын хабарлады. Алайда 18 ақпан күні, таңда 7 кеншінің де қаза тапқаны белгілі болды. Құтқарушылар жетеуінің мәйіті жер бетіне шығарылғанын мәлімдеді.
Бұл оқиғадан соң, президент Қасым-Жосмарт Тоқаев жеделхат жолдап, кеншілердің отбасына көңіл айтты. Ал үкіметке апатты толық зерттеп, кеншілердің отбасына қажетті көмек көрсетілуін қадағалауды тапсырды.