Германия Украинаға 700 млрд еуро көмек беруі мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
ЕуроОдақ 2025 жылы Украинаға 35 млрд еуро қаржылай көмек көрсетеді
ЕуроОдақ 2025 жылы Украинаға 35 млрд еуро қаржылай көмек көрсетеді / Фото: shutterstock

Еуроодақ әскери техника сатып алу үшін Украинаға теңдессіз көмек бермек. Германия сыртқы істер министрі Аннален Бербоктың сөзінше, қаржылай қолдау 700 млрд еуроға дейін жетуі мүмкін деп жазады Berliner Zeitung басылымы.

«Біз бұған дейін болмаған үлкен пакет дайындап жатырмыз. Еуропада енді қауіпсіздік қамтамасыз ететін қаржылай пакет бар. Ол жақын арада болады», – деді Бербок.

Оның сөзінше, Украинаға бейбітшілік тек күшпен келетіндіктен, қару-жарақ пен әскери техникаға өте үлкен қаржы салу қажет.

«Ол үшін Украинаға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді кепілдік, күшті НАТО және Украинаның Еуроодаққа кіруіне қатысты келіссөздер қажет. Еуропалықтар және немістер ретінде біз әскери, гуманитариялық және қаржылай қолдау бойынша Украина жағындамыз. Еуропалықтар ретінде өз қауіпсіздігіміз үшін де үлкен жауапкершілік аламыз», – деген уәде берді Бербок.

Еске салайық, Эр-Риядта АҚШ пен Ресей делегациялары келіссөздер жүргізіп жатқан уақытта Парижде Елисей сарайында ЕуроОдақ көшбасшылары жиналды. Оның қорытындысы бойынша, Франция президенті Эммануэль Макрон еуропалық қауіпсіздікке инвестицияны арттыру керек деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз