
OpenAI басшылығы нейрожелілердің саясатын өзгертпекші. Енді компания ChatGPT-ді барынша нейтралды етпек. Бұл туралы TechCrunch жазады.
Жаңа өзгеріс бойынша, ChatGPT «тақырып қаншалықты күрделі және қарама-қайшылыққа толы болғанына қарамастан интеллектуалдық еркіндікті ұстануы керек».
Бұған дейін ChatGPT кейбір сұрақтарға жауап бергенінде саяси, қауіпсіздік қағидаларына байланысты цензура байқалатын еді.

Енді жаңа нұсқада ChatGPT-де редакторлық позиция болмайды. Ол кейбір пайдаланушылар белгілі бір ойды қорлайтын немесе моральға қайшы деп санаса да, фактілерді жасырып, маңызды контекстті назардан тыс қалдырмауы және өтірік айтпауы тиіс. Тіпті даулы тақырыптар бойынша әртүрлі көзқарастарды ұсынып, бір жақтың ұстанымын жақтамауы қажет.
Жақында OpenAI компаниясы ChatGPT-5 моделін шығаратынын хабарлады. Ол барлық қолданушылар үшін тегін болады дейді. Ал премиумға жазылғандар одан да жетілдірілген ЖИ-ді пайдаланатын болады.
Нейрожелі ақпарат іздеу, жинастыру, өңдеуде қолданушыға үлкен көмек бере алады. ЖИ-дан толық мәлімет алу үшін дұрыс сұрақ та қоя білу керек. Ол туралы мына жерден оқи аласыздар.