Жаңалықтар

Су тасқынын болжайтын жүйе іске қосылды: алғашқы қорытынды қашан беріледі

Су тасқынын болжайтын жүйе іске қосылды/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Су ресурстары және ирригация министрлігі Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі іске қосылғанын мәлімдеді.

Министрлік ақпаратынша, ведомство бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізеді.

«Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, көрші мемлекеттермен де тұрақты байланыста екенін жеткізді.

Бұған дейін министрлік аталған жүйе көктемдегі су тасқынын бір апта бұрын болжауға мүмкіндік беретінін мәлімдеген.

ТЖМ дерегінше, биыл 1223 елдімекенді су басу қаупі төніп тұр.