22 ақпаннан бастап елдегі тағы екі жол ақылы болады

Елдегі тағы екі жол ақылы болады. Нақтырақ айтсақ, 22 ақпаннан бастап Ресейге баратын екі жол учаскесінде автобустар мен жүк көліктері үшін төлем алынбақ.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, «Қостанай – РФ шекарасы (Троицке) және «Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынборға) автожолдарының учаскелері ақылы болады.
«Қостанай – РФ шекарасы (Троицке)» автожолының 539-376 шақырым аралығындағы учаскесі (М-36). Жүргізушілерге «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолы және «Қостанай – Рудный – Айет – РФ шекарасы» аудандық маңызы бар автомобиль жолдары арқылы баламалы жол ұсынылады«,– делінген хабарламада.
Ақылы учаскенің ұзындығы 163 шақырымды құрайды. ІІ және ІІІ техникалық санаттан тұрады.
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем – 515 теңге, кейінгі төлем – 600 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк көліктері үшін: алдын ала төлем – 1040 теңге, кейінгі төлем – 1220 теңге;
- 32 орыннан асатын автобустар және 10 т жүк таситын көліктер үшін: алдын ала төлем – 1545 теңге, кейінгі төлем – 1820 теңге;
- Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі көліктер үшін: алдын ала төлем – 2080 теңге, кейінгі төлем – 2440 теңге;
- Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар үшін: алдын ала төлем – 2580 теңге, кейінгі төлем – 3040 теңге.
II санатқа жататын Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы Орынборға дейінгі автомобиль жолы да ақылы болмақ. Төлем алынатын жол учаскесінің ұзындығы – 82 шақырым 692 метр.
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк көліктері үшін: алдын ала төлем – 1010 теңге, кейінгі төлем – 1190 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк көліктері: алдын ала төлем – 2055 теңге, кейінгі төлем – 2415 теңге;
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін жүк көліктері: алдын ала төлем – 3065 теңге, кейінгі төлем – 3610 теңге;
- Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк көліктері: алдын ала төлем – 4100 теңге, кейінгі төлем – 4825 теңге;
- Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк жүк көліктері, оның ішінде тіркемесі бар: алдын ала төлем – 5120 теңге, кейінгі төлем – 6030 теңге.
Автожолда төлем бекеттері болмайды. Оның орнына ыңғайлы «ашық» төлем жүйесі қолданылады. «ҚазАвтоЖол« шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан, кептеліс болмайды деп сендіруде.