Сауд Арабиясында АҚШ пен Ресей келіссөздері жүріп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Эр-Риядта АҚШ пен Ресей келіссөздері жүріп жатыр / t.me/MariaVladimirovnaZakharova

Сауд Арабия астанасында АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер басталды. Делегациялар Украинадағы соғысты тоқтату және АҚШ-Ресей қарым-қатынасын қалпына келтіру мәселелерін талқылайды. Бұл Мәскеу мен Вашингтон арасындағы соңғы жылдардағы, соның ішінде Украинадағы әскери операция басталғалы бері өткен алғашқы ауқымды келіссөз болмақ. Kursiv.Media Эр-Риядтағы онлайн-трансляциясын назарда ұстайды.

 12. 29. РФ СІМ елдің делегациясы Эр-Риядта АҚШ өкілдерімен келіссөздерге келгенін хабарлады. Кездесу Альбастин кешеніндегі Дирия корольдік сарайларының бірінде өтеді.

Фото: РФ СІМ

АҚШ тарапынан келіссөздерге мемлекеттік хатшы Марк Рубио, Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц және арнайы өкіл Стивен Уиткофф қатысуда. Ресей делегациясын Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков және Тікелей инвестициялар қорының директоры Кирилл Дмитриев бастап барды.

12:45 – Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриевтің айтуынша, Джо Байден әкімшілігі Ресей экономикасының жағдайы туралы жалған ақпарат таратқан. Оның пікірінше, Ресейге қарсы санкциялар АҚШ-тың өзіне Ресейден де қаттырақ әсер етті.

13:11 – Reuters агенттігінің хабарлауынша, шенеуніктер журналистердің «АҚШ Украина мүдделерін екінші орынға ысырып жатыр ма» және «Вашингтон Мәскеуден қандай жеңілдіктер талап етуде» деген сұрақтарын елеусіз қалдырған.

Айта кетейік, Владимир Зеленский Украинаның АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздерге қатысудан бас тартатынын мәлімдеді. Сондай-ақ олардың қандай да бір келісімдерін мойындамайтынын жеткізді. «Интерфакс-Украина» агенттігінің хабарлауынша, Украина билігі Сауд Арабиясындағы РФ мен АҚШ арасындағы келіссөздердің нәтижелерін мойындайтын ойы жоқ.

«Украина бұл келіссөздерге қатыспайды. Украинасыз Украина туралы жүргізілген кез келген келіссөздің ешқандай мәні жоқ. Біз өзіміз қатыспаған қандай да бір шешімдер мен келісімдерді мойындамаймыз және мойындамайтын боламыз», – деді Зеленский.

Сондай-ақ оқыңыз