Кірісін жасырған блогерлер жауапкершілікке тартыла ма

Жарияланды
Блогерлер неге салық төлеуі керек / Фото: shutterstock

Блогерлердің салық төлеуіне қатысты министрлік те пікір білдірді. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин табысы көбейген блогерлер жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек екенін айтады.

«Егер тұлғаның кірісі жылына 12 ең төменгі айлық табысынан жоғары болса, ол тіркеліп, салық төлеуі міндетті. Бұл барлығына ортақ ереже», – деді.

Тілшілердің блогерлердің табысы неге енді ғана тексеріліп жатқанын сұрады. Вице-министр «оны салық органдары түсіндіруі керек» деп жауап қатты.

Блогерлер жауапкершілікке тартыла ма?

Әзірге олардың 2022-2023 жылдардағы ақша айналымын мемлекеттік кірістер комитеті тексеріп жатыр. Тек соның қорытындысы бойынша ғана шешім шығарылады.

«Бұл жерде түсіну керек нәрсе. Біз құзырлы орган тексеру жүргізіп, мемлекетке тигізген залал көлемін нақты көрсетіп, тиісті акт немесе қорытынды көрсеткенде ғана қылмыстық іс қозғаймыз. Егер блогердің белгілі бір деңгейде мемлекетке зиян тигізгені анықталса және оның көлемі Қылмыстық кодекстегі нормадан асып кетсе ғана қылмыстық іс қозғалады», – деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов

13-14 ақпанда Мемлекеттік кірістер комитеті елдегі 543 танымал тұлғаға ескерту жіберді. Олар шамамен 53,3 млрд теңгеге жуық кірісін дұрыс көрсетпеген.

Сондай-ақ оқыңыз